Алматының Алмалы ауданында танымал заңгерді пышақтап кетті
Almaty.tv
Күдікті анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының Алмалы ауданында танымал заңгерді пышақтап кетті. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ресми мәліметке сәйкес, 8 қазан күні сағат 23.00 шамасында 1980 жылы туған А. есімді әйел көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Ол 12 қазанға қараған түні қайтыс болды.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, заңгер Айман Асанова заңгерлік қаржы компаниясының бас директоры болған.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Polisia.kz
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
17.11.2026 17:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
18.11.2026 08:13
Қысқы жолда қандай шинамен жүрген дұрыс
17.11.2026 09:40