АҚШ-тан әкелінген есірткіні сатқандар жазаға тартылды

Көрнекі фото / Иллюстративное фото 123ru.net
Көрнекі фото / Иллюстративное фото 123ru.net
Олар Telegram мессенджері арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада АҚШ-тан әкелінген есірткіні сатқандар жазаға тартылды. Сот үкімімен екі азамат 7 жыл мен 8 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің бас қаладағы департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құзырлы орган мемлекеттік шекара арқылы ірі мөлшерде есірткі заттарын тасымалдағысы келген бір топ адамды анықтаған. Олардың қылмысы дәлелденіп, ісі сотта қаралған.

– Астанада «бақыланатын жеткізу» жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерінен ірі көлемде марихуана есірткі затын алған елорда тұрғындары ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынған еді. Қылмыскерлер Telegram мессенджерінде ақпарат орналастыру арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлаған. Сот үкімімен екі азамат кінәлі деп танылып, 7 жылға және 8 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Түрмедегі кәсіп: сотталғандар жиһаз цехын ашты

Новости партнеров