Ұзынағаш ауылындағы кісі өліміне қатысы күдіктілерге іздеу жариялады
Almaty.tv
Қазір құзырлы орган 4 адамға іздеу жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында адам өліміне қатысы бар күдіктілерге полиция іздеу жариялады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kzке сілтеме жасап.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер ұсталған сәтте сот санкциясымен бірден қамауға алынады. Қазір құзырлы орган 4 адамға іздеу жариялады.
- 1. Қозыбаев Ғани Мұратұлы 1991 жылы 3 қарашада туған. Оған 99 баптың (Адам өлтіу) 2 бөлігі 1,7,9 тармағы және 293 баптың 2 бөлігі 3 тармағында (Қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау) көрсетілген қылмысты жасады деген күдік келтіріліп отыр.
- 2. Тыныштықов Асқар Жаныбекұлы 1992 жылы 5 қыркүйекте дүниеге келген. Оған «Адам өлтіруге» оқталу бабы және 293 баптың 2 бөлігі 3 тармағында (Қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау) көрсетілген қылмысты жасады деген күдік келтірілді.
- 3. Шокенов Серікбола Мұратбеков 1992 жылы 1 қаңтарда туған. Ол 293 баптың 2 бөлігі 3 тармағында (Қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау) көрсетілген қылмысты жасады деген күдікке алынып отыр.
- 4. Аукенов Нұрсұлтан Бақтиярұлы 1992 жылы 25 қарашада дүниеге келген. Ол 293 баптың 2 бөлігі 3 тармағында (Қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау) көрсетілген қылмысты жасады деген күдікке алынып отыр.
Полиция күдіктілер жайлы ақпарат білетіндер төмендегі номерге хабарласуды сұрайды.
+7 701 500 08 47, +7 700 200 07 88, +7 702 717 77 17, +7 707 738 78 78, +7 72770 2 26 02 немесе 102.

Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23