«Қазақмыс» корпорациясының кеніштерінің бірінде пышақ жарақатынан көз жұмған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері мен пышақ жарақатының іздері анықталған. Жантүршігерлік жағдай Жомарт кеніші аумағында болған. Қаза тапқан азамат Өскеменнен іс-сапарға жіберілген екен. Ол Омаров атындағы шахта үңгілеу трестінің қызметкері болып істеген. «Жомарт» кеніші Жезқазғаннан 300 км қашықтықта орналасқан.
«Аталған факт ҚР ҚК «Кісі өлтіру» 99-бабы 1-бөлігі адам өлтіру бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта ПД мамандарынан құралған арнайы тергеу тобы күдіктілерді анықтау және ұстау мақсатында іздестіруді жүргізуде», – деді полиция департаментінің ресми өкілі Аңсаған Тоқбергенов.