Алматы облысының тұрғыны заңсыз ойын ұйымдастырғаны анықталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ойынға арналған залдар облыс аумағында орналасқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында тұрғын заңсыз рулетка ойынын ұйымдастырған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Ойынға арналған залдар облыс аумағында орналасқан, оған тек ойын автоматтарының қызметін жүзеге асыруға рұқсат берілген.

«Мекеме ұйымдастырушылары кіріс алу мақсатында, крупьенің қатысуымен жұмыс істейтін «рулеткаларды» пайдаланған. Бұл «Ойын бизнесі туралы» заңын бұзу болып табылады. Өйткені ойын үстелдеріне өкілдердің қатысуына тек казино үшін рұқсат етіледі. Қазіргі таңда, аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Новости партнеров