Нұр-Сұлтанда есірткі өндіріп келген үш зертхананың көзі жойылды

Стоп-кадр
Стоп-кадр
Күдікті заңсыз кәсібін өткен жылдың желтоқсанында бастап, шикізатты шетелден алдырып отырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел астанасында синтетикалық есірткі өндіріп келген 3 зертхананың көзі жойылды. Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, өндірушінің бірі 19 ақпанда қолға түскен. Ол Талапкер ауылындағы жалдамалы үйлердің бірінде есірткі зертханасын ашқан. Осылайша, заңсыз затты елорда аумағында таратып, пайдаға кенелгісі келіпті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Күдікті заңсыз кәсібін өткен жылдың желтоқсанында бастап, шикізатты шетелден алдырып отырған. Дайындаған өнімін әлеуметтік желі арқылы сатып, биткоинмен есептескен. Елордалық тәртіп сақшылары дәл осындай тағы бір деректі анықтады. Бұл жолы есірткіні өз үйінде өндірген 23 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті. Бір қызығы, күдіктіге медициналық білімі бар азаматтық некедегі жұбайы көмектескен.  

«Ұсталғандар қала шетінен баспана жалдап, бетбелгілер қалдыру үшін көліктерді жалға алған. Олар есірткі өндіруге қажетті компоненттерді шетелден интернет арқылы алдырған. Тәркіленген синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 25 келі, бұл шамамен 500 миллион теңгеден аса сома. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді Полиция департаментінің бастығы Марат Түлебаев.

Новости партнеров