Маңғыстау облысындағы қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

Almaty.tv
Almaty.tv
1 млрд теңгеден аса сомаға жұртты алданған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1 млрд теңгеден аса сомаға жұртты алдап, ісін дөңгелеткен қаржы пирамидасына қатысты тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысындағы департаменті салымшыларға алаяқтық танытты деген күдікпен аталған қылмыстық істі сотқа жөнелтті. Қазір қаржы пирамидасының басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

– Жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысына ай сайын салынған соманың 10% төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару және қарызға беру негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржылық пирамида құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды, – деді Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Жетісайда мешіттегі садақа жәшігі тоналды

Новости партнеров