Түркістан облысында жас жігітті аяусыз соққан күдікті ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жәбірленуші миына қан құйылып, оқиға орнында көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында үш мас тұрғын жас жігітті аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жәбірленуші миына қан құйылып, оқиға орнында көз жұмды. Ақсукент ауылында болған қайғылы жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде де кең тарап үлгерген. Полицейлердің мәліметінше, қаскүнемдер қаза тапқан жігіттің көлігін тартып алған. Ал күдіктілердің бірі жігіттің соққыға жығылған кезін видеоға түсіріп тұрған. Марқұмның туыстарының айтуынша, полицейлер күдіктілердің біреуін ғана ұстаған. Ал облыстық Полиция департаменті аталған іске қатысты қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді.

– Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тергеу жүргізілуде, оның аясында оқиғадағы әрбір қатысушының, яғни 2 тұлғаның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар қылмысты жасырып қалу дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Барлық мән-жай анықталуда. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілмейді, – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

Оқи отырыңыз: Петропавлда полицейлер зейнеткерді 3 миллион теңге шығыннан құтқарды

Новости партнеров