|
24.09.2021 | 19:08
5188

Тапанша кезенген ер адам балабақшаға кірмек болды

Оқиға Наурызбай ауданына қарасты «Шұғыла» шағынауданында тіркелген

Тапанша кезенген ер адам балабақшаға кірмек болды popmech.ru

Алматыда қаруланған ер адам балабақшаға кірмек болды. Оқиға Наурызбай ауданына қарасты «Шұғыла» шағынауданында тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан белгісіз адамның бөбекжай аумағына кіру үшін күзетшіге тапанша көрсеткені анық көрінеді. Ал мән-жайды білген тұрғындар қауіпсіздік қызметіне алғысын айтып отыр.

«Жаңалықтардан біздің аулада болған жағдайды көріп, қорқып қалдық. Күзетшілерімізге көп рақмет, мас адамды дер кезінде тоқтатып, қауіптің бетін алды», – деді қала тұрғыны Гауһар Жұмажанова.

Оқиға барысында мектепке дейінгі мекеменің күзетшісі тәртіп сақшыларын шақырған. Ал Полиция департаментінің берген ақпаратында ер адамның алкогольді ішімдіктің әсерімен жүргені айтылады.

«Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, оның ішінде қаруға меншік құқығы бар-жоғы анықталады. Содан кейін заңға сәйкес шаралар қолданылатын болады», – деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің өкілі Евгений Лысенко.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир