|
26.01.2021 | 19:44
5509

«Қасым хан» тарихи жобасынан ақша жымқырғандар сотталып кетті

Бұл триологияның қатары толығуын көзі қарақты көрермен асыға күтті

«Қасым хан» тарихи жобасынан ақша жымқырғандар сотталып кетті kstnews.kz

Қазақстандық тарихи сериалды түсіру кезінде 30 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырылған. Алматыда бұл іске қатысты сот үкімі жарияланды. Көрермен тағатсыздана күтіп жүрген «Қасымхан» кинотуындысы неге әлі жарыққа шыққан жоқ? Қомақты қаражатты қолды қылған кімдер?  Almaty.tv тілшісінің бейнематериалда.

Бұл триологияның қатары толығуын көзі қарақты көрермен асыға күтті. Өкінішке қарай, тарихи фильмдердің жүгін арқалағандар өз ісіне адалдық танытқан жоқ. Қазақфильм «Қасым хан» көркем фильмінің өндіріс жұмыстарын «Қасым хан» киножобасы филиалына тапсырған еді. Өнімнің ұйымдастыру шаралары кезінде 9 ай көлемінде филиал директоры міндетін атқарған Қуаныш Ахметов жалпы сомасы 30 миллион теңгеге жуық тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау/беру туралы жалған акт жасауды тапсырған. Бұл міндет қол астындағы қызметкері Владимер Чиженко мен жеке кәсіпкер Қуаныш Ануарбековке жүктелген. Алайда актіде көрсетілген бір де бір тауар «Қазақфильм» қоймасынан табылмаған. Сот-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес пиротехникалық құралдардың жетіспеушілік сомасы 8 миллион теңгеден асқан.

«Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында жалпы жүргізілген тергеу амалдары барысында Алматы қаласы аумағында Қазақфильм АҚ «Қасымхан» сериалы бойынша ақша жымқырғаны анықталған болатын. Тергеу амалдары барысында бұл азаматтар келтірілген залалды толық өндірді және қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданған болатын», – деді қалалық экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан.

Бостандық аудандық сот үкіміне сәйкес, Қуаныш Ахметов бас бостандығынан айырылса, Владимер Чиженко мен Қуаныш Ануарбековке 3 жыл бас бостандығын шектеу және 100 сағаттық қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды.

«Бостандық аудандық сотының №2 сот үкімімен Қуаныш Ахметов сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін  ірі мөлшерде иемденіп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігінің 1,2-тармағы. Сот осы тұлғаға қатысты осы бап бойынша мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынып, 2 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», – деді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.

Айта кету керек, түсірілім жұмыстары 2019 жылы басталған «Тарих ағындарында: мәңгілікке ие болу. Қасымхан хан» тарихи фильмінің түсірілім жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

Жанар Ғаниқызы, Мейрам Исабеков, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир