Ресейден экстрадицияланды: қылмыскер елге қайтарылды

elements.envato.com
elements.envato.com
Күдікті тергеу изоляторына қамалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кісі өлтірді деген қазақстандық күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бас прокуратура таратқан ақпарға сай, ол 2023 жылы қаңтар айында Шымкент қаласында алдын ала сөз байласу арқылы қылмыс жасаған. Күдіктінің сыбайластары жазасын алып сотталды. Ал фигурантқа жасырынуына байланысты халықаралық іздеу жарияланған. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

- Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, - деді ҚР бас прокуратурасының өкілі Әсел Берқалиева.

Оқи отырыңыз: Балаларды қайыр сұрауға және жезөкшелікке мәжбүрлеудің 9 фактісі анықталды

Новости партнеров