Алматыда есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан шетелдік екі азамат ұсталды

11.07.2024 19:37

Ұсталғандар қамауға алынды

Almaty TV

Алматыда есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан шетелдік екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы іс-шара барысында 24 және 26 жастағы екі Үндістан азаматын ұстады. Олар Прокофьев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан.

«Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша күдіктілерден тәркіленген орамдардың ішінде мефедрон есірткісі болған. Олар қылмыстарын мойындады. Қазіргі уақытта Алматыға шөпті жеткізу арнасы және оны өндірудің ықтимал жолдары анықталып жатыр. Ұсталғандар қамауға алынды. Есірткі сату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Оқи отырыңыз: Күдікті деп танылған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды