Досы өлтірген: Алматыда жоғалып кеткен баланың денесі табылды
ҚазАқпарат
Полицейлер 16 жастағы жасөспірімді ұстады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Медеу аудандық полиция басқармасына 2007 жылы туған баланың жоғалғаны туралы ақпарат 23 маусым күні түскен.
«Тергеу тобы бүгін қаладағы бау-бақша қоғамының бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар баланың өлі денесін тапты», - делінген хабарламада.
Полицейлер 16 жастағы жасөспірімді ұстады. Күдікті арадағы жанжалдан кейін досын өлтіргенін мойындады.
«Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
04.10.2026 10:30
Алматыда жыл басынан бері 238 орында 23 сенбілік өтті
03.10.2026 16:00