Қарағанды облысында ірі қылмыстық топтың өкілдері құрықталды

Стоп-кадр из видео
Стоп-кадр из видео
Арнайы операция барысында 100-ден аса тінту іс-шарасы жүргізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында тәртіп сақшылары атыс қаруын қолданып, қалада қақтығыс ұйымдастырған 40 адамды құрықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұйымдасқан топ мүшелерінің құрамында күзет ұйымдарының және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері бар. «Көшбасшы мен топ мүшелері арасында нақты иерархия құрылған. Әрбірінің міндеті мен өз рөлі болған»  деп атап өтті ІІМ өкілі. Арнайы операция барысында 100-ден аса тінту іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде 9 атыс қаруы, 200-ге жуық оқ-дәрі, тротил, гранатомет пен гранаталар, құжаттар және жалған мөр тәркіленді.

«Көшбасшы мен топ мүшелері арасында әрқайсысының рөлін бөлетін нақты басшылық құрамы болған. Құпия, сақтық шаралары қатаң сақталған. Топ мүшелерінің бірқатар ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы анықталды. Атап айтқанда - бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық. Қазір жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр», – деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Новости партнеров