Күзет фирмасын бопсалап, 1 млн доллар талап еткен алаяқтар ұсталды

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay
Алаяқтар фирманың өкілінен 600 мың АҚШ долларын алу сәтінде қолға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күзет фирмасының басшылығын бопсалап, 1 млн доллар пара алмақ болған алаяқтар қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операцияның нәтижесінде өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, күзет фирмасының басшылығынан олардың қаржылық қызметіндегі бұзушылықтар туралы әшкерелейтін материалдарды таратпағаны және жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион АҚШ долларын талап еткен алаяқтар тобын әшкереледі. Алаяқтар фирма өкілінен 600 мың АҚШ долларын алу сәтінде ұсталды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ұсталған топтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Новости партнеров