|
30.05.2022 | 15:50
4912

Қаскелеңде тұрғын үй жанынан ер адамның денесі табылды

Қазір күдікті қамауда

Қаскелеңде тұрғын үй жанынан ер адамның денесі табылды Moscow-Live.ru

Алматы облысының Қарасай ауданы Қаскелең қаласында ер адамның мүрдесі тұрғын үй кешенінің жанынан табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамды өлтірді деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды. 

«29 мамыр күні сағат 17:00 шамасында Қарасай аудандық полициясына «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінің шлагбаумнан шыға беріс тұсында ер адамның мүрдесі жатқаны хабарланды. Тәртіп сақшылары бірден оқиға орнына жетіп, 1976 жылғы Қаскелең қаласының тұрғынын ұстады. Күдікті жәбірленушімен жанжалдасып қалғанын, соңында оған бұрағышты жүрек тұсына тығып алғанын мойындады. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған», - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Қазір күдікті қамауда. Айғақ заттар тәркіленіп, қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир