Алматы облысында жасөспірім қызды зорламақ болған зейнеткер ұсталды

Алматы облысында жасөспірім қызды зорламақ болған зейнеткер ұсталды
Күдікті – Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында 14 жастағы қыз балаға қысым жасап, арам ойын іске асырмақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол – Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ оның жеңіл көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды.

Еске салайық 15 ақпан күні Қарасай ауданының тұрғынынан белгісіз біреудің қызына қысым жасалып, оны зорламақ болды деген арыз келіп түскен еді. Қазір күдіктіге қатысты іс қозғалып, істің мән-жайы тергеліп жатыр.  

«Автокөлікті басқарғаны үшін жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Сонымен қатар, ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 124-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Істің мән-жайын толықтай анықтау мақсатында тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Әбілтай Әбенов.

Новости партнеров