|
15.11.2022 | 14:40
3306

Жамбыл облысында заңсыз алтын өңдейтін жерасты цехы анықталды

Екі үлкен қазандық және 10 тоннаға жуық алтын кені табылды

Жамбыл облысында заңсыз алтын өңдейтін жерасты цехы анықталды polisia.kz

Жамбыл облысында заңсыз алтын өңдейтін жерасты цехы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Мойынқұм ауданының полиция қызметкерлері құрамында бағалы металдар бар шикізатты, тастарды заңсыз өңдеумен айналысатын жерасты цехының қызметін тоқтатты. 

«Жеке тұрғын үйді тексеру кезінде электрлі ұнтақтау диірмені, ұнтақталған кеннің қалдықтары, елек, магнит, таситын арбалар, күректер, сынапты сұйықтық, екі үлкен қазандық және 10 тоннаға жуық алтын кені табылды.

Қоймада 30 және 58 жастағы екі жұмысшы болды. Ұсталғандардың айтуынша, олар ақылы түрде жұмыс жасаған. Полиция қызметкерлері цехтың қожайыны 37 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады», - делінген полиция хабарламасында.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-1-бабы 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Дереккөз: Polisia.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир