Шымкентте алаяқ елдің жеке куәлігінің суретін жинап алып, олардың атынан несие алған

elements.envato.com
elements.envato.com

Қазіргі уақытта оның осындай 9 фактіге қатысы бары дәлелденді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының полиция қызметкерлері пәтерінде асылып тұрған 65 жастағы ер адамды құтқарып қалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің онлайн-брифингінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Шымкент тұрғыны InDriver қосымшасы арқылы жолаушыларды тасымалдауға тапсырыс беру сылтауымен жүргізушілердің жеке куәлігін, тексеру үшін фотосуреттерін, сондай-ақ банк шотының деректемелерін алдап алған. Содан кейін жәбірленушілердің атынан микрокредиттік ұйымда несие рәсімдеген. Қазіргі уақытта оның осындай 9 фактіге қатысы бары дәлелденді. Облыс полицейлері тағы бір алаяқты ұстады. Ол өзін спутниктік теледидар хабарларын тарату компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың дербес деректерін алып, микрокредит ұйымында қарыз рәсімдеген. Оның осындай 30-дан астам фактіге қатысы бар болып шықты», – деп қылмыстардың мән-жайын баяндады Шұғыла Тұрлыбек.

Министрлік дерегінше, мұндай бағыттағы қылмыстардың алдын алу үшін биометрия және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы онлайн-кредиттерді рәсімдеу талабы күшейтілген.

Сондай-ақ, интернет алаяқтық қоңырау шалатын нөмірлерді анықтау және бұғаттау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Новости партнеров