Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы сауналардың бірі келушілерге интим қызмет ұсынған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әйел қонақ үй қызметтерін ұсыну саласындағы заңды қызметінің сылтауымен жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырып, ұстаған. Аталған дерек 11 қыркүйекте Алматы облысы аумағында “STOP трафик” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталды.
«STOP трафик»операциясының кезекті кезеңі адам саудасы, заңсыз бас бостандығынан айыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту, притондар мен жеңгетайлық ұйымдастыру деректерінің алдын алу және анықтау мақсатында өткізілді. Іс-шара барысында Бесағаш кентіндегі сауналарының бірінде қыздарды интимдік қызмет көрсету үшін ұсынған әкімші ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Барлық фигуранттар ұсталды. Мекеме әкімшісіне қатысты тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілетән болады»,– деп хабарлады Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығы Асхат Данияр.
Полицияның мәліметіне сәйкес, 10-12 қыркүйек аралығында, яғни екі күн ішінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны және жеңгетайлық жасағаны үшін үш қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, жедел уәкілдер жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай берудің екі дергін анықтап, екі қонақ үй мекемесінің әкімшілеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды, сондай-ақ қоғамдық орындарда тиісудің екі дерегінің жолын кесті және т.б.