Ерлан Құланбаев: Белгілі вайнерлерді қаржы ұйымына адамдарды тарту үшін пайдаланған

tv7.kz
tv7.kz
Салымшыларды блогерлер тартып отырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Белгілі вайнерлер Мейірхан Шерниязов пен Әзімжан Саидбаевты қаржы ұйымына адамдарды тарту үшін пайдаланған». Бүгін Алматы қаласында болып жатқан сотта прокурор осындай нұсқаны айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Мемлекеттік айыптаушы бүгін алғаш рет Аstex.kz және Mudaraban Capital қаржы пирамидасына блогерлердің қалай келіп, қалмыстық топқа қосылғаны туралы баяндады. Тергеу нәтижесіне қарағанда, 4 жыл бұрын күдікті Құрманғалиев әуелде айтқан Аstex.kz қаржы пирамидасын құрған. Оңай олжаға кенелгісі келген күдікті оған танымал адамдарды тарта бастапты. Осылайша ол өзінің туысқаны Мансұровты да қасына алған екен.

«Құрманғалиев салымшыларға уәде еткендей әр адамның салған қаражатына қарай 240 пайыз үстеме етіп қайтара алмайтынын біліп, қылмысын жалғастыра берді. Сөйтіп ол салымшылар санын арттыру қажеттігін түсінді. Уақыт өте келе қаржы пирамидасына танымал адамдарды да тарту басталып кеткен», – дед» прокурор Ерлан Құланбаев.    

Осылайша, бұл атышулы істе елге есімі әйгілі вайнерлер Шерниязов пен Саидбаев және Бұрқановтар пайда болды. Прокурордың сөзінше, Бұрқанов әуелден-ақ Mudaraban Capital компаниясының директоры болған. Бұл мекеме жаңа салымшыларды тарту жолында жұмыс істепті. Ал салымшыларды блогерлер тартып отырған.

«Яғни, миллиондаған оқырманы бар жігіттер қаржы ұйымын жарнамалап, түскен табысты құрылтайшылармен бөліскен, - дейді мемлекеттік айыптаушы.

Новости партнеров