Қарағандыда шағынмаркет әкімшісі мен 4 кассир қомақты сома иемденіп кетті

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыда шағынмаркет әкімшісі мен 4 кассир 6.6 миллион теңгені иемденіп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Қарағанды қалалық полиция басқармасы Киров полиция бөліміне қалада орналасқан шағынмаркеттің бірінің иесі арызбен шағымданған. Кәсіпкер, полиция қызметкерлеріне кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында 6 миллион 600 мың теңге ақша жетіспеушілігін айтқан.

"Тергеу жұмыстарын жүргізу барысында сол мекемеде жұмыс істеген, ақша жымқырды деген күдікпен 18 бен 33 жас аралығындағы жұмыскерлер анықталды. Оның ішінде шағынмаркет әкімшісі мен төрт кассир болған. Олардың былтырғы жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айы аралығында саудадан түскен 6 миллион 600 мың теңге ақшаны қалталарына басқан", – делінген хабарламада.

Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады.

Новости партнеров