Балықты заңсыз аулау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Хромтау қаласынан 60 шақырым қашықтықтағы Аққұдық ауылының маңынан Mitsubishi Pajero Sport автокөлігі тоқтатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
19 қазан күні түнде Хромтау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қопа – Көктау қорықшылық қызметімен бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізу барысында Хромтау қаласынан 60 шақырым жердегі Аққұдық ауылының маңынан Mitsubishi Pajero Sport автокөлігін тоқтатты.
Көлікті Хромтау қаласының 64 жастағы тұрғыны басқарған. Тексеру барысында жүк салғыштан 124 шортан мен үрлемелі резеңке қайық табылды.
Балықты заңсыз аулау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау) қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген балық өнімдерінің жалпы салмағы 90 кг болды. Шығын сомасы – 600 мың теңге. Автокөлік полиция бөлімінің аумағындағы тұраққа қойылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында пара бермек болған күдікті ұсталды