Несие алып беремін деп, елді алдаған ерлі-зайыпты ұсталды

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі
Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі
Алматы облысында күдіктілерге алданған 12 жәбірленуші анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда елді алдап, алаяқтықпен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Күдіктілер интернет арқылы жарнама жасап, біреудің сеніміне кіріп, ақшасын заңсыз иемденген.

«Күдіктілер интернетте «Несие алуға көмектесемін» деген мазмұндағы жарнама жариялаған. Потенциялды «клиент» хабарласқан кезде алаяқтар оны екінші деңгейлі банктен шот ашып, оған алғашқы жарнаның салулы, сосын оны белгіленген нөмірге тіркеуді айтып, сендіреді. Осы аралықта алаяқтар алынған соманы мобильді банкинг арқылы басқа картаға аударып, қолма-қол ақшаға айналдырған», – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ержан Іңкәров.

Алматы облысында күдіктілерге алданған 12 жәбірленуші анықталды. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалған. Тергеу амалдары ж.ргізіліп жатыр.

Новости партнеров