Олар тәркіленген өнімді Қырғызстаннан тасымалдаған
БҚО-да 1 млрд теңгеге жуық темекі өнімін заңсыз сатпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржы мониторинг агенттігінің ақпарынша, олар тәркіленген өнімді Қырғызстаннан тасымалдап, Оралда сақтаған. Зиянды заттың жалпы көлемі 1,5 млн қораптан асады. Сондай-ақ заңсыз есепке алу-бақылау таңбасы бар алкоголь өнімдері анықталған. Сот үкіміне сәйкес, барлық өнім жойылды. Іске қатысы бар 3 адам бір жылға бас бостандығынан айырылды, бір азамат айыппұл салынды.
– Бір топ тұлғадан жалпы сомасы 967,5 млн теңгеден асатын 1,6 млн қораптан астам темекі өнімінің ірі партиясы, сондай-ақ заңыз есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдері тәркіленді. Заңсыз темекі бұйымдарын тасымалдау Қырғыз Республикасынан жүзеге асырылып, Орал қаласында сақталып, сатылған, – деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Биыл жасөспірімдер арасындағы қылмыс 11 пайызға өскен