Павлодар облысында жүк көліктерін заңсыз есепке қою арқылы мемлекетке 1,5 миллиард теңгеден астам шығын келтірген топ анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше, аталмыш азаматтар пайда табу мақсатында алыс-жақын шетелдерден келген көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеуден өткізіп отырған. Олар жалған төлем түбіртектерін пайдаланып, шындықты жасыруға тырысқан. 2021 жылдың маусым мен тамыз айларының аралығында Павлодар облысында 150-ден астам жүк көлігі тіркелген.
– Соттың санкциясымен барлық заңсыз тіркелген көлік құралдарына тыйым салынды, күдіктілерге қатысты «қамауда ұстау» және «үй қамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбйды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Буллинг: СҚО-да 150 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды