Павлодар облысында 150-ден астам жүк көлігі заңсыз тіркелген

19.07.2024 19:47

Мемлекетке 1,5 миллиард теңгеден астам шығын келтірген топ анықталды

Фото видеодан алынды

Павлодар облысында жүк көліктерін заңсыз есепке қою арқылы мемлекетке 1,5 миллиард теңгеден астам шығын келтірген топ анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше, аталмыш азаматтар пайда табу мақсатында алыс-жақын шетелдерден келген көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеуден өткізіп отырған. Олар жалған төлем түбіртектерін пайдаланып, шындықты жасыруға тырысқан. 2021 жылдың маусым мен тамыз айларының аралығында Павлодар облысында 150-ден астам жүк көлігі тіркелген.

– Соттың санкциясымен барлық заңсыз тіркелген көлік құралдарына тыйым салынды, күдіктілерге қатысты «қамауда ұстау» және «үй қамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбйды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Буллинг: СҚО-да 150 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды