Алматы қаласында ұрлық саны азайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы полициясының қызметі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды орындау, сондай-ақ барлық саладағы қызметті жақсарту болып табылады. Жалпы, қаладағы қылмыстық жағдай тұрақты және толық бақылауға алынған.
Қылмысты ашу бойынша жұмыстың тиімділігі артты. Қалалық ПД деректеріне сүйенсек,2022 жылдың алты айында қалта ұрлығы 3,8 есеге, пәтер ұрлығы 44%-ға, сонымен қатар көлік салонынан бөтеннің мүлкін ұрлау 47%-ға азайған. Сондай-ақ, жыл басынан бастап кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс (-14,5%), отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар (-14,3%), бұрын сотталғандардың заңсыз әрекеттері де (-47,8%) біршама төмендеген.