Бірнеше күн бұрын із-түзсіз кеткен көкшетаулық әйел өлі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полиция дерегіне сүйенсек, азамат кісі қолынан қаза табуы мүмкін. 33 жастағы тұрғын 4 шілдеде жоғалған еді. Үйінен шығып кеткен ол сол күйі ешкіммен байланыспаған. Арада екі күн өткенде табылған әйелдің денесінде зорлық белгілері болған көрінеді. Қазір Полиция департаменті аталған іске қатысты тергеуді бастады.
«Әйелдің мәйіті табылу дерегіне байланысты «Кісі өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті анықталып, қамауға алынған», – деді Ақмола облыстық Полиция департаментінің маманы Әлия Біләлова.
Оқи отырыңыз: Алматыда жыл соңына дейін 54 ескі үйдің тұрғындары жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі