Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Кореядан елге жеткізілді

elements.envato.com
elements.envato.com
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі, ресми өкіл Данияр Бигайдаров мәлім етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Іздеу салынған Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі, ресми өкіл Данияр Бигайдаров мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бас прокуратурамен бірлесіп, Сыртқы істер министрлігінің және Ішкі істер министрлігі Интерполдың қолдауымен халықаралық іздеуде жүрген күдікті Ж. Оңтүстік Корея Республикасынан Қазақстанға жеткізілді. Ол жәрдемдесу, қылмысты арандату және психотроптық заттармен заңсыз қарым-қатынас жасады деп күдікке ілінді (ҚР ҚК 28-бабы 5-бөлігі, 296-бабы 4-бөлігі және 412-1-бабы 3-бөлігі 1-тармағы).

Ресми өкілдің айтуынша, күдікті 2022 жылы Түркістан облысы полиция қызметкерлерімен сөз байласып, жергілікті тұрғынды белгісіз адамдарға «Мефедрон» психотроптық затын сатып алуға көндірген. Ол 29 наурызда Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Новости партнеров