|
24.01.2023 | 14:53
542

Семейде мектеп жанында есірткі өткізген тұрғын ұсталды

Психотроптық заттың салмағы 9 грамнан асады

Семейде мектеп жанында есірткі өткізген тұрғын ұсталды Almaty.tv

Мектеп жанында аса ірі мөлшерде есірткі өткізген Семей тұрғыны 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция дерегінше, тәркіленген психотроптық заттың салмағы 9 грамнан асады. Анықталғандай, ұсталған азамат интернет-дүкеннің есірткі жеткізушісі болып жұмыс істеген. Бүгінде оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмысы жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», – деді Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Думан Үкіжанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир