Елімізде мал ұрлығы 20%-ға азайды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Мал ұрлығымен айналысқандардың басым көпшілігі - жұмыссыздар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл қаңтар-қараша айлары аралығында елімізде мал ұрлығы бойынша 1,7 мың жағдай тіркелген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 19,6 пайызға аз. Былтыр осы кезеңінде 2,1 мың факті анықталған еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлер арасында мал ұрлығы бойынша Алматы (325 ұрлық фактісі) көш бастап тұр. Келесі кезекте мұндай құқықбұзушылықтар Түркістан (232 факті) және Батыс Қазақстан (161 факті) облыстары ауамғында тіркелген.

Energyprom.kz мәліметіне сәйкес, жалпы биылғы мал ұрлығы қалмыстарын 737 адам жасаған. Бұл ретте өткен жылға қарағанда, 17 пайызға төмендеу байқалады.

Мал ұрлығымен айналысқандардың басым көпшілігі, яғни 591 адам - жұмыссыздар. Сонымен қоса, биыл 70 тұрақты қызметі бар азамат, 9 жеке кәсіпкер, 9 оқушы мен 1 мемлекеттік қызметші ұрлыққа түскен.

Новости партнеров