Қазақстанда адам ағзасын сату деректері анықталған

elements.envato.com
elements.envato.com
Елімізде жыл сайын адам саудасына қатысты 150-ге дейін іс қозғалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда адам ағзаларын сатуға қатысты 15 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті үшінші басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева мәлім етті.

«Елімізде жыл сайын адам саудасына қатысты 150-ге дейін іс қозғалады. Жыл басынан бері 134 қылмыстық іс тіркелсе, оның 15-і адам ағзаларын заңсыз айналымына қатысты тіркелген. Сондай-ақ пайдалану мақсатында адам ұрлау бойынша – 2, заңсыз бас бостандығынан айырудың 3 фактісі, адам саудасының 15 фактісі, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартудың 12 фактісі, кәмелетке толмағандарды сатудың 3 фактісі, жезөкшелікпен айналысуға тартудың 7  фактісі және жезөкшелер үйін ұстау және сутенерлікке қатысты 77 қылмыс анықталды», - деді спикер.

Ол соңғы жылдары құқық қорғау органдары қазақстандық азаматтарды шетелге шығарудың бірнеше арнасын тоқтатқанын, оның ішінде қазақстандықтарды Бахрейнге әкетуге қатысты соңғы оқиғаны атап өтті.

«Сондай-ақ адам саудасына байланысты қылмыстарға ықпал ететін әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде жезөкшелік пен сутенерлікке үй-жайлар бергені үшін 649 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Жалпы сомасы 155 млн теңге айыппұл салынды», - деді Ш. Көшербаева.

Еске салайық, 2024 жылдың шілдесінде ҚР Президенті адам саудасына қарсы күрес туралы заңға қол қойған болатын.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 2,5 мыңнан астам киберқылмыс ашылған

Новости партнеров