|
21.10.2021 | 15:53
3637

Әйел баласын жол ортасына қалдырып, өзі жасырынып қалған

Баланы кездейсоқ жолаушы көріп, көтеріп алған

Әйел баласын жол ортасына қалдырып, өзі жасырынып қалған  Видеодан кадр

Алматылық әйел баласын тасжолға тастап кетіп, өзі тасада тығылып тұрған. Әлеуметтік желілерде тараған видео сол маңдағы бейнебақылау камераларының біріне жазылып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бейнежазбадан әйелдің баласын үйден алып шығып, жолдың қақ ортасына қалдырып кеткенін байқауға болады. Абырой болғанда, кездейсоқ жолаушы көріп қалып, баланы көтеріп алған. Дәл осы сәтте әйел үйінен қайта шығып, ер адамға бас салып, баланы сүйрей жөнеледі.

Көпшілікті таңқалдырған бұл оқиғаның мән-жайы әлі де анықталып жатыр.  

«Қазіргі уақытта Наурызбай аудандық полиция басқармасы аталған факт бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның нәтижелері бойынша мән-жайлар анықталып, ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады», – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Евгений Лысенко.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир