Елімізде биыл қаржы пирамидасының белгілері бар 3 мың ресурс жұмысына шектеу қойылды. Өткен жылы 6 жарым мың сайт пен аккаунт бұғатталыпты. Биыл тағы 7 мыңға жуық қазақстандық ақшасын алаяқтардың қолына ұстатып, сан соғып қалған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ресми мәліметке сай, қарашаның қаржысын қымқырғаны үшін бастамашыл топтың 27 өкілі жауапқа тартылған. Оларға шамамен 5-6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Егер де сізге ақшаны инвестициялауға ұсынып жатса, сол компания туралы толық ақпарат білу керек. Қазіргі таңда Қаржылық мониторинг агенттігі сайтында арнайы реестр бар. Жеке тұлғалардан ақша тарту туралы рұқсат қағазының бар-жоғын тексереді», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.