Нұр-Сұлтанда есірткі зертханасын ашқан биотехнолог ұсталды
кадр из видео
Ол зертханада синтетикалық есірткілерді жасаумен айналысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұр-Сұлтанда есірткі зертханасын ашқан биотехнолог ұсталды. Ол зертханада синтетикалық есірткілер - мефедрон мен амфетамин жасаумен айналысқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Есірткі зертханасы мен интернет-дүкен елордадағы элиталы тұрғын үй кешендерінің бірінде, жалдамалы пәтерде орналасқан. Өндіріс басшысы 27 жастағы дипломы бар биотехнолог екені анықталды. Ол алған білімін синтетикалық заттар дайындау үшін қолданған. Есірткіні адам көп жүретін орындар, саябақтар мен балалар алаңына тастап кетіп отырған. Полиция тұрғын үй кешенінің атын атамады. Ер адам қамауға алынған. Оған Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылды. Ол мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43