|
02.12.2022 | 15:07
728

Қорғанамын деп пышақпен адам өлтіріп қойған ер адам сотталды

Заң бойынша рақымшылық жасауға жәбірленушінің келісімі талап етілмейді

Қорғанамын деп пышақпен адам өлтіріп қойған ер адам сотталды ашық дереккөзден

№ 2 қалалық сот қажетті қорғанысты шамадан тыс асыру салдарынан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан факті бойынша қылмыстық істі қарады (ҚР ҚК 112-бабының 2-бөлігі), деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Іс материалы бойынша, 2021 жылғы 23 қарашада қалалық моншаның жалпы залында мас тұрғын ағайындылардың шабуылынан қорғанып, ас үй пышағын қолданған. Олардың біреуі оған қарай төніп келе жатқанда ол қажетті қорғанысты шамадан асырып, шабуылдаушының кеудесіне пышақ салған. Салдарынан жәбірленуші көз жұмған.

Қажетті қорғаныс шегінен асып кету ауырлығы аз қылмыстар санатына жатады және 2021 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының қолданысына жатады.

«Сотта сотталушы мен оның қорғаушысы рақымшылық жасау туралы өтініш білдірді. Прокурор сотталушының өтінішін қанағаттандыруды және қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Жәбірленушілер рақымшылық жасауға қарсылық білдірді», – деді Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз қызметінде.

ҚІЖК-нің 1-бөлігі 3) тармағының және 35-бабы 4-бөлігінің талаптарына сәйкес, егер сотталушы бұған қарсы болмаса, қылмыстық іс рақымшылық актісі бойынша тоқтатылуға жатады.

Заң бойынша рақымшылық жасауға жәбірленушінің келісімі талап етілмейді.

«Сот заңның осы талаптарын басшылыққа ала отырып, рақымшылық жасауға байланысты сотталушыға қатысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты. Бұл тоқтату негіздері ақталмайтындарға жатады. Осыған байланысты жәбірленушілердің моральдық зиянды өтеуді талап ету құқығы сақталады», – деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир