Күдікті Астананың уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қазақстанда 1 млрд теңгеге жуық қаражатты жымқырған күдікті Түркиядан экстрадицияланды. Бас прокуратура 2014 жылдан бері іздеуде жүрген азаматтың елге жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол құрылыс компанияларының шамамен 1 млрд теңгеге жуық қаражатын жымқырды деп күдікке ілінген. Бұл қаражат әлеуметтік мақсаттағы нысандарды салуға жұмсалуы керек еді. Олардың арасында аурухана да бар.
– Күдікті Астананың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Дархан Дүйсенбай.
Оқи отырыңыз: Атыраулық үлескерлер ақшаны қайтаруды талап етіп отыр