|
31.01.2022 | 17:29
11130

Алматы қаласы мен облысында тәртіпсіздікке қатысқан 6 тұрғын ұсталды

Олар полицейлер мен әскери қызметкерлерге қарсы шығу үшін темір таратқан

Алматы қаласы мен облысында тәртіпсіздікке қатысқан 6 тұрғын ұсталды Almaty.tv

Алматы қаласы мен облысының алты тұрғыны жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар полицейлер мен әскери қызметкерлерге қарсы шығу үшін темір таратқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Полиция комитеті басқармасының бастығы Бағланбек Айтпаев қарақшыларды ұстау 19 қаңтарда басталған «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында мүмкін болғанын айтады.  

«Іс-шараны өткізу барысында 4 мыңнан аса қылмыс тіркелді. Оның ішінде 300-ден аса қылмыс қоғамдық орында және 80-і көшеде болды. Қылмыс Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында көп жасалған. 2 700-ден аса қылмыс ізін суытпай ашылды. Мәселен, Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан Алматы мен Алматы облысының алты тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ҚР ІІМ Полиция комитеті басқармасының бастығы Бағланбек Айтпаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир