Алматыда 83 жастағы қарияны тонап кетті
Almaty.tv
Тергеу амалдары жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Әуезов ауданында ер адам 83 жастағы қарияны тонап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Күдікті аулалардың бірінде зейнеткерді аңдып, оның мойнындағы алтын алқасын алып қашқан. Арам пиғылын жүзеге асырмақ болған ер адамның бұл әрекеті бақылау камерасына түсіп қалған.
«Алтын алқасын жұлып алып, сатып жібердім», – деді күдікті.
«Ұрлық фактісі бойынша бізге арыз түсті. Әуезов ауданындағы 10-шағынауданы 15-үй маңында қылмыс болған. Біз арнайы тергеу-жедел тобын құрып, күдіктіні қолға түсірдік. Ол бұған дейін де осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр», – деді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52