Өзгенің атын жамылып, екі күдікті елге тауар кіргізбек болған

Фото: Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі
Фото: Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі
Hyundai және Foton маркалы 2 автокөліктің жүргізушісі ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысына қарасты Қарабалық ауданында орналасқан «Қайрақ» өткізу пункті арқылы Ресейден елімізге 5,7 тонна тауарды заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Өткен айда «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде салмағы 5,7 тонна тауарды (сантехникалық бұйымдар мен халық тұтынатын тауарлар) Ресейден заңсыз импорттаған Hyundai және Foton маркалы 2 автокөліктің жүргізушісі ұсталды. Тауардың жалпы құны 8,5 млн теңгеден асады. Екі жағдайда да жүргізушілер тауардың құжатын рәсімдеу кезінде қатысы жоқ өзге тұлғалардың дерегін заңсыз пайдаланған. Жеке мәліметтер әлеуметтік желілер сияқты ақпараттың еркін көзінен алынған болуы ықтимал», – деп мәлім етті жергілікті жауапты органнан.

Бұл әрекетке қатысты мән-жайды анықтау үшін қазақстандық тарап жүкті Ресейдің Федералды кеден қызметіне берген.

Новости партнеров