Алматыда шетелге капитал шығарып келген қылмыстық топ мүшелері сотталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Оларға әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда шетелге капитал шығарып, мемлекетке 39 миллиард теңгеге шығын келтірген қылмыстық топ мүшелері сотталды, деді Almaty.tv.

Қаржы мониторингі агенттігінің дерегінше, жауапқа тартылғандар 2018-2020 жылдар аралығында өз бақылауындағы 25 компания арқылы жалған шот-фактуралар жазған. Шетелдегілермен жалған шарттар жасасу арқылы банк шотына түскен қаражатты республикадан тыс жерге шығарған.

«Онда шетел валютасындағы қайтарылмаған қаражаттың сомасы 6,6 млн АҚШ долларын құрағаны анықталды. Сот үкімімен бес айыпталушының барлығы кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі мерзімге жаза тағайындалды. Тәркіленген 65 мың АҚШ доллары мен 20 млн теңгеден астам қаржы мемлекет кірісіне айналдырылды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Новости партнеров