Елімізде есірткімен күресудің жаңа әдісі қолданылмақ

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото
«Қарасора» жедел-профилактикалық шарасы барысында полиция қызметкерлері 9,7 тонна есірткі тәркілеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде есірткімен күресудің жаңа әдісі қолданылмақ. Енді құзырлы органдар әуеден барлау арқылы нашақорлық ісін өрбітіп отырғандарды анықтайтын болады. Бұл туралы ІІМ өкілі Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Елімізде биыл есірткі қылмысы өршіген. Жыл басталғалы 2,5 мыңға жуық дерек анықталыпты. Тек маусым мен қазан аралағында республика бойынша 1275 қылмыс тіркелген. Оның тең жартысы – есірткі сату фактісі. 178-і заңсыз сақтау болса, 245 дерегі есірткі өсіру. «Қарасора» жедел-профилактикалық шарасы барысында полиция қызметкерлері 9,7 тонна есірткі тәркілеген.

«Жалпы 12,7 тонна есірткі тәркіленді. Нақты түрлеріне келетін болсақ героин 33 кг, апыин 68 кг, синтет түрлері 507 кг, 705 кг гашиш тәркіленді», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Мамандардың айтуынша, есірткі сатушылар егістікті жыл сайын ауыстырып отырады. Осылайша өз істерін барынша жасыруды көздеп, айласын асырғысы келеді екен. Жедел іздестіру барысында биыл Қызылорда мен Түркістан облысы аумағында әуеден барлау жүргізілген. Нәтижесінде есірткі егудің 19 фактісі анықталыпты.

«Әуе көліктерін 20 рет ұшыру кезінде марихуана сақтаудың 2 фактісі, есірткі егудің 19 фактісі анықталды. Жалпы салмағы 5 жарым тонна болатын 10 мыңнан астам қарасора бұталары жойылды. Абай облысының Үржар ауданында да есірткі егуге тырысқан. 105 келі дайын өнім және 2 мыңға жуық қарасора бұталары тәркіленді.13 адамның 8-і бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған Қызылорда облысының тумалары болып шықты», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Есірткі саудасы интернетте де қызып тұр. Құзырлы орган өкілі қазір елде ең кең тараған әдіс те осы электрондық төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті.  Биыл нашақорлықты жарнамалайтын 2 мыңға жуық сайт бұғатталыпты. Әлеуметтік желіде 1,5 мыңға қолданушының құқығы шектелген.

Кәмшат Мұхамеджан, Ринат Өтеев, Данияр Омар, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров