«Бұқар жырау» тұрғын үй кешеніндегі атыс: соңғы деректер мәлім болды

«Бұқар жырау» тұрғын үй кешеніндегі атыс: соңғы деректер мәлім болды
«Бұқар жырау» тұрғын үй кешенінде болған атысқа қатысты жаңа деректер белгілі болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Бұқар жырау» тұрғын үй кешенінде болған атысқа қатысты жаңа деректер белгілі болды. Дәл қазір Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын оқиға болған жерден студиямен тікелей байланысқа шықпақшы.

– Ұлағат тұрғын үй кешені қазір ондағы адамдар үшін қаншалықты қауіпсіз?

– Рақмет, Қайрат, Иә, қазір біз оқыс оқиға болған «Бұқар Жырау» тұрғын үй кешенң маңында тұрмыз. Мұндағы тұрғындардың айтуы бойынша, алдымен күзетшінің аяғына оқ атып кейіннен өзін 17 қабаттан тастап жіберген азаматтың психикалық ауытқуы бар көрінеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын әйелі мен балалары оның дөрекі мінезіне шыдамай басқа жаққа көшіп кеткен. Қазір атыс болған пәтер жабық, мөрленген. Азаматтың тұрғын үйге кіріп, лифтке мініп жатқан кездегі бейнелері видео бақылауға түспеген. Мұндағы кондоминиум қызметкерлерінің айтуынша, тұрғын үй кешеніндегі бейнебақылау камералары жұмыс істемейді екен.

«Бейнебақылау камерасының жұмыс істемейтін себебі тұрғындар оның қызмет ақысының төлемейді. Бірнеше жылдан бері жиналған қарыз бүгінгі күнде 40 миллионнан асады. Ал, оқ атқан азаматқа келер болсақ, оның үйінде қарудың бар екенін біз білген жоқпыз. Бірнеше жылдан бері таныспын, жалғыз өзі осы тұрғын үй кешеніндегі 3 бөлмелі пәтерде тұрады. Ол пітер өзінікі емес, жалдамалы», – деді Пәтер иелері коперативінің шаруашылық меңгерушісі Әлібек Нұрғали.

«Қауіптенеміз, балаларымды сыртқа шығармаймыз. Кешегі оқиғадан кейін таныстары келіп бізден өш ала ма деп қорқамыз. Қорқып қалдық, шыны керек», – деді қала тұрғыны  Гүлбағира Кертаева.

Еске сала кетейік, 24 сәуірде  Алматыда күндіз 56 жастағы ер адам күзетшінің аяғына себепсіз оқ атып, кейін өзі осы тұрғын үй кешеніндегі пәтердің біріне жасырынған. Тәртіп сақшылары онымен келіссөз жүргізбек болады. Келіссөз жүргізу үшін полицейлер, прокурорлар мен оқ атушының таныстары жұмылдырылды. Алайда ол келісімнен бас тартып, ешкімді тыңдамайды. Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол жауапкершіліктен қорыққан болу керек, 17-қабаттан секіріп өлген.

– Қайрат әзірге мендегі бар ақпарат осы. Кешкі жаңалықтарда ақпарат толықтырып беретін боламыз.

– Рахмет. Тікелей байланысқа қосылған әріптесім Ұлағат Арғын болды.

Новости партнеров