Қаржылық мониторинг агенттігі 50 мыңнан астам қолданушысы бар 55 есірткі сататын интернет дүкеннің көзін жойды, деп хабарлайы Almaty.tv.
Олардың жалпы айналымы 48 млрд теңге болған. Сондай-ақ биыл агенттік материалдары бойынша елдің құқық қорғау органдары есірткінің заңсыз айналымына байланысты 60 қылмыстық істі қозғаған. Онлайн наркошоптарға қатысты тағы 29 материал бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 100-ден астам адам, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесі де қолға түскен. Ал айналымнан шамамен, 100 келі есірткі мен 1 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық аясында да бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр.
– Агенттіктің аналитикалық мәліметтері негізінде ТМД кеңістігінде есірткі таратқан трансұлттық интернет-дүкендерді жою бойынша Қазақстан, Беларусь және Ресей қаржы барлаушыларының қатысуымен арнайы операция жүргізілді. Үш елдің аумағында үш ауқымды есірткі дүкені жабылды, 35 наркодилер ұсталды, 1 тоннадан астам психотроптық заттар және клиенттерге сатуға дайын 3,5 мың дозаға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Оқи отырыңыз: Қаржы мониторингі агенттігінің 2 лауазымды тұлғасы ұсталды