Алаяқтық: Алматы полициясы бастығының атынан жалған хабарлама тарап жатыр

polisia.kz
polisia.kz
Құқық қорғаушылар азаматтарды сақ және қырағы болуға шақырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алаяқтар Алматы полиция бастығының атынан жалған хабарламалар таратып жатыр,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

What’sApp, Telegram мессенджерінде белгісіз біреулер өз профиліне Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың суретін пайдаланып, азаматтармен хат жазысып, алаяқтық әрекеттерге бармақ болған.

 – Алматы полициясы, қазіргі уақытта, күдікті WhatsАpp және Telegram мессенджерлерінде аккаунт ашып, аватарларына мемлекеттік мекеме немесе жеке ұйым басшысының суретін қойып, кенеттен “ҚР ҰҚК-нен тексеріс” келіп жатыр деп, қол астындағы қызметкерлерге ақшаны жедел түрде әртүрлі үшінші тұлғалардың шоттарына жіберу қажеттігі туралы жазатын алаяқтық әрекеттері жиілеп кеткенін ескертеді.

Өкінішке қарай, бұл тізбекті пайдаланып алдайтын жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан азаматтарға күдіктілердің арандатушылықтарына бой алдырмай, мұндай хабарламалар келген кезде, оқиға туралы бірінші кезекте өзінің тікелей басшысына хабарлауы өте маңызды, – деді Алматы полиция департаменті. 

Осыған байланысты Алматы полициясы сақ және қырағы болуға кеңес береді. Мұндай жағдайларда диалогты тоқтатып, полицияға хабарлау қажет.

Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз жұмыс істеген 27 шетелдік ұсталды

Новости партнеров