Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Almaty.tv
Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Арнайы жасақ сарбаздарымен жүргізілген операция кезінде үш азамат қолға түскен. Ұсталғандардың үшеуі де Алматы облысының тұрғындары екен. Олардың екеуі бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған. Күдіктілер осыдан бір күн бұрын Қабанбай батыр көшесінде орналасқан пәтерлердің біріне ұрлыққа түскеннен кейін ұсталды. Оңай ақшаға құныққан олар ақша мен құнды мүліктерді алып кеткен. Ұрланған заттар тәркіленді, қаскөйлер оларды сатып үлгермеген.
Қазір олардың Алматы қаласының аумағында жасалған 11 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33