Алданған ауыл халқы: жарыққа төлеген ақша желге ұшты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
«АлматыЭнергоСбыт» мекемесінің инженері ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Бір емес, бірнеше ауылдың жұртын алдап, 4 жылдай олардың ақшасын жымқырып келген «АлматыЭнергоСбыт» мекемесінің инженері ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшсі.

Алаяқтығы дәлелденіп, сот шешімімен 5 жылға қамалды. Елді ақ ауыз қылған қызметкер өкілеттілігі болмағанына қарамастан Қараой, Қуат және Өтеген батыр елдімекенінің тұрғындарына жалған түбіртек беріп, жарық үшін төлем алып, түскен қаражатты қалтасына басып отырған. Жымысқы әрекетін жасыру үшін ол дереккөздер базасына әріптестерінің логинін қолданған екен.

– Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті аталған ауылдардың 150-ден астам тұрғынын электр энергиясынан ажыратуға жол бермеуге, сондай-ақ 16  млн теңгеге жуық сомадағы залалды өтеуге қатысты шара қолданды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Новости партнеров