Таразда есірткі жасырылған 12 орын анықталды
Almaty.tv
Жамбыл облысының тұрғыны тыйым салынған зиянды препараттарды жеткізіп отырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Таразда есірткі жасырумен айналысқан 20 жастағы ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жамбыл облысының тұрғыны біраз уақыттан бері ірі көлемде тыйым салынған зиянды препараттарды тасымалдап, жеткізген көрінеді. Ол 10,47 грамм психотроптық заттармен ұсталған. Оқиға болған маңнан 4,6 грамм синтетикалық есірткінің 10 бумасы табылды. Ер азаматтың үйін тінту барысында ас үй мен қоқыс жәшігінен де альфа-PVP есірткісі тәркіленген. Тергеу кезінде ер кісі барлық мән-жайды ашып, психотроптық заттарды жасырған мекенжайды көрсетті. Нәтижесінде полицейлер 12 жасырын орынды тінтіп, 5,69 грамм синтетикалық есірткіні тапқан.
Оқи отырыңыз: Атырауда 3 жастағы бала субұрқақта ойнап жүріп көз жұмды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жерді табиғи жолмен құрғату: ең көп су тұтынатын ағаштар
11.09.2026 03:15
11 қыркүйекке арналған валюта бағамы
11.09.2026 10:04
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
11.09.2026 09:38
10 қыркүйекке арналған валюта бағамы
10.09.2026 09:16
Құрылтай мінберінен туысын құттықтаған депутаттар қалай жазаланады
10.09.2026 13:55