Ақмолада күдіктіні алғаш рет әйелдер жасағы ұстады

Фото: .gumilev-center.ru сайтынан
Фото: .gumilev-center.ru сайтынан
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында есірткі дайындады және өткізді деген айыппен күдіктілер ұсталды. Күдікті әйелді полицияға жеткізу үшін алғаш рет әйелдерден құралған арнайы жасақ жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty.tv 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Атбасар қаласындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2022» жедел алдын алу шарасы барысында гашиш майын дайындады және сатумен айналысты деген күдікпен азаматтық некедегі ерлі-зайыптыларды қолға түсірді.

«Анықталғандай, 38 жастағы ер адам мен оның 37 жастағы жұбайы үйде қарасорадан каннабис сығындысын жасап, одан алынған препаратты сатқан. Сонымен қатар, ер адам бұрын есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстары үшін сотталған, әрі есірткіні өзі де қолданып келген», - деді ведомстводан.

Күдіктілерді ұстау кезінде олардан 4 грамнан астам гашиш майы табылды, ерлі-зайыптылардың мекенжайын тінту кезінде де осыған ұқсас зат тәркіленді.

Күдіктіні ұстау және кейіннен полиция бөліміне жеткізу үшін алғаш рет әйелдерден құралған жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері тартылды. Ұсталған кезде әйел полицейлерге қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбады. Дегенмен полиция қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекетінің арқасында күдікті қолға түсті.

«Қазіргі уақытта осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 297 - бабының 3-бөлігі «есірткі құралдарын заңсыз өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторында», - деп толықтырды ведомстводан.

Новости партнеров